Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге, яғни 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен өткінші жаңбыр өтеді, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, Шығыста кезең басында кей жерлерде қатты жаңбыр, тұман түседі. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен желдің күшеюі болжанады.
Республика бойынша ауаның температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды, ал батыста және оңтүстікте кей жерлерде қатты ыстық болады.