Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жағажай волейболынан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп жазады Оlympic.kz.
Әйелдер арасындағы бәсекеге барлығы 11 жұп қатысып, чемпиондық атақ Татьяна Машкова мен Ирина Цимбаловаға бұйырды. Бұл, Ирина Цимбалованың 12-ші жеңісі.Күміс жүлдені Таңсұлу Қайырбекова мен Айғаным Смағұл иеленсе, «қоланы» «Каспий-1» командасы алды.
Ерлер арасында Алексей Дьяченко мен Алдам Нұрдос тобы жеңіске жетті. Күміс медаль Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбының еншісінде. Қола медальды Кирилл Гурин мен Абдулмаджиж Мохаммад иеленді.