Жаңа заң білім беру сапасын жақсартуға негіз болуы тиіс – Аймағамбетов

14 Қараша 2019, 00:26
3963
Бөлісу:
Жаңа заң білім беру сапасын жақсартуға негіз болуы тиіс – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен Қазақстан Республикасындағы педагог мәртебесін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша партия жанындағы Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кез келген мемлекеттің бүгіні мен болашағы көбінесе мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі және рөлімен анықталады. Тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін педагогтарымыздың мәртебесін арттыруымыз қажет" деп атап айтқан болатын.

Жаңа заң мұғалім мәртебесін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар, жалпы білім беру сапасын жақсартуға негіз болуы тиіс, - деді ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасында.
"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы Парламент қабырғасында екі ай бойы қызу талқыланып жатқандығын айта кеткен жөн.

Ведомство басшысының айтуынша, елімізде бүгінгі таңда барлығы жарты миллионнан астам педагог жұмыс істейді. Мұғалімдерді даярлау еліміздегі 85 ЖОО-да жүргізіледі, студенттер саны 149 028 адамды құрайды, олардың 28 747-сі мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы