Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында бір апта бұрын жаңа туған нәрестесімен бірге жоғалып кеткен 16 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
3 қыркүйек күні Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 44 жастағы әйел хабарласып, 16 жастағы қызының Ана үйі дағдарыс орталығынан жаңа туған сәбиімен шығып, қайта оралмағанын айтқан. Оларды іздеп табу үшін облыстық Полиция департаментінің бастығы мобильді топтар құрып, волонтерлер жұмылдырылды, - деп жазылған ақпаратта.Бала мен ана облыстағы ауылдардың бірінен табылды. Қазіргі уақытта екеуі де қыздың ата-анасының қамқорлығына берілді.