Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының полиция департаменті 12 тамызда Қарағанды облысының Жәйрем кентінде тау-кен байыту комбинатынының жұмысшылары арасында болған келіспеушіліктерге байланысты түсініктеме берді.
"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу органдары оқиғаның не себепті болғанын қылмыстық істің негізінде анықтайтын болады.Қазіргі уақытта Жәйрем кентінде жағдай тұрақты және полиция органдарының бақылауында", - делінген хабарламада.Видео: Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі
Өзге ақпараттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайтынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Жәйрем кентіндегі оқиғаны реттеу үшін Ерлан Қошанов барған болатын.