Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда COVID-19 бар 8 науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
Қарағанды облысында - 2 адам,
Маңғыстау облысында - 1 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 1 адам,
Нұр-Сұлтан қаласында - 1 адам,
Алматы қаласында - 1 адам,
Шымкент қаласында - 1 адам,
Атырау облысында - 1 адам.
Дәрігерлер пациенттердің жағдайының жақсарғанын атап өтті және олар енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды.
Қазақстан Республикасында барлығы 18 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды:
Алматы қаласында - 3 адам,
Қарағанды облысында - 5 адам,
Нұр-Сұлтан қаласында – 3 адам,
Шымкент қаласында – 2 адам,
Ақтөбе облысында - 1 адам,
Түркістан облысында - 1 адам,
Маңғыстау облысында - 1 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 1 адам,
Атырау облысында - 1 адам.