Жұрт жұмысына жегіліп жұмыс істейтін тілшіні бүкілі құрметтейді – Тоқаевтың құттықтауы

27 Маусым 2020, 12:16
2163
Бөлісу:
Жұрт жұмысына жегіліп жұмыс істейтін тілшіні бүкілі құрметтейді – Тоқаевтың құттықтауы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтау хатын оқып берді.

Баршаңызды бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Өздеріңізге мәлім, былтыр менің арнайы тапсырмаммен 28 маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып белгіленді. Осы арқылы бұл сала мамандарының кәсіби мерекесін дербес атап өтуге мүмкіндік жасалды. Бұдан 1 ғасырға жуық уақыт бұрын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы "газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі" деп баға берген еді. Бұл ұлағатты сөзді қазір тек басылымға ғана емес барлық ақпарат құралдарына, ақпарат агенттіктеріне қатысты қолдануға болады. Сіздердің жазған әрбір мақалаларыңызда, дайындаған сюжеттеріңізде елдің мұңы мен мұқтажы, ойы мен пікірі, талабы мен тілегі, қоғам дамуының тынысы айқын көрініс тауып отыр. Өйткені, жұмыс барысында жұртпен етене араласып, халық үніне құлақ асатын мемлекет қағдидатын жүзеге асыруға зор еңбек сіңіріп жүрсіздер. Сонымен қатар кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында мемлекетіміздің көш басындағы өркениетті елдердің қатарына қосылуы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер,- делінген құттықтау хатта. 
букан1.JPEG

Президент қарымды қаламгерлер қалыптастырған дәстүрді кейінгі толқын журналистер де лайықты жалғастыра білді. Қазір еліміздегі барлық бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды халыққа жеткізу жолында күш біріктіруде екенін айтқан. 
Журналист болу үшін кәсіби біліктілікке қоса батылдық пен табандылық керек. Өзгенің мәселесіне жанашырлық танытып, әрбір іске жауапкершілікпен қарайтын, жұрт жұмысына жегіліп, елдің кем-кетігін түгендеуге тырысатын, қоғамдағы түйткілдерге парасат биігінен көз салатын және ұлттық деңгейде ойлай білетін журналисті бүкіл халық құрметтейді.ең алдымен Отанға деген сүйіспеншілік және елге адалдық секілді қасиеттер қажет екендігіне баса назар аудартады. Қазақстанның БАҚ өкілдері бүгінде осы тұрғыдан ой толғап, мәселе көтеруге бейімделуде. Бұл шынайы патриотизмнің көрінісі деп білемін, - дейді Қ.Тоқаев.
букан2.JPEG
Мемлекет басшысы журналистердің жанашырлығы қазіргідей қиын-қыстау кезеңде анық байқалғанын айтқан. 
Қашанда іргелі істің басында жүретін журналистер әлем дамуына кері әсер еткен осынау дағдарыс тұсында алғы шептен табылды. Бүкіл әлемнің тынысын тарылтқан пандемия кезінде сіздер денсаулық сақтау және құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірге аянбай еңбек еттіңіздер. Отандық журналистер сәт сайын шартарапқа ақпарат тартумен қатар мемлекет пен қоғамды байланыстыратын алтын көпір қызметін де атқарды. Сіздердің бұл салада атқарған істеріңізді жақсы білеміз және бағалаймыз. Біздің бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ, рухымыз асқақ. Соның арқасында кез келген қиындықты жеңіп, жасампаздық пен өрлеу жолында жаңа белестерді бағындырамыз деп сенемін. Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!, - делінген құттықтау хатта.
букан3.JPEG

Өзгелердің жаңалығы