Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл жөнінде Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz
Бүгінде 1 жылға дейін төленетін бала күтімі бойынша жәрдемақы мерзімін ұзарту туралы мәселені көтермекпіз. 1,5 немесе 3 жылға дейін нұсқаларды қарастырамыз және есептейміз. Бұл қисынды болар еді, - деді Біржан Нұрымбетов.
Оның айтуынша, 387 мыңға жуық ана бала күтіміне байланысты жәрдемақы алады, олардың басым бөлігі әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінеді.
Министрдің ақпаратына сәйкес, жұмыс істемейтін аналарға жыл сайын бюджеттен ай сайын 15 мыңнан 24 мың теңгеге дейін, әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін аналар өз жалақысының 40% мөлшерінде алады. Сондай-ақ ол көрсетілген нұсқалар есептелінетінін айтты.
Бұл ұсыныс әзірленуде және атқарушы органдармен және Үкіметпен келісуге енгізілмеді, - деді Біржан Нұрымбетов.
Ведомство басшысы мүгедекке күтім жасау жөніндегі жәрдемақыға да өзгерістер енгізу туралы ұсыныстың да бар екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда қамқоршы-ата-аналарға мүгедек баланы күтуге, бірінші топтағы мүгедек балаға, ересектерге күтім жасау бойынша жәрдемақы қарастырылған. Алайда, бірінші топтағы мүгедектер арасында бала кезінен мүгедек емес ересектер де бар, бірақ олар да күтімді қажет етеді, мүмкін қосымша жәрдемақы тағайындау дұрыс және қисынды болар. Бұл әзірге министрліктің жоспарлары. Үкіметке және атқарушы органдардың бекітуіне ұсыныстар түскен жоқ, - деді Біржан Нұрымбетов.