Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындары бағдарларын алдын ала жоспарлау қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қаланың көше-жолдары желілерін орташа жөндеу аясында Достық көшесінде Мәңгілік ел даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта жолдың үстіңгі қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Осыған орай 30 мамыр мен 1 маусым аралығында жолды толықтай жабу көзделген.Сондай-ақ 30 мамырдан 7 маусымға дейін Бөгенбай батыр даңғылының Уәлиханов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскесінде қозғалыс толық тоқтатылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолда кептелісте тұрмас үшін бағдарларын алдын ала жоспарлауы керек.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деді басқармада.