Жұмыссыздық деңгейі өте жоғары болып тұр

25 Маусым 2020, 11:35
1878
Бөлісу:
Жұмыссыздық деңгейі өте жоғары болып тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жұмыссыздық деңгейі өте жоғары болып тұр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Наурыз-сәуір айларында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты 4,2 миллион қазақстандық уақытша жұмыстан босатылды. Карантиндік шараларды жеңілдету биылғы 20 сәуірінде басталды, бұл кезең-кезеңімен жұмысқа оралуға мүмкіндік берді. Мамырда 1 млн адам болып, маусымда 735 мыңға түсті. Жұмыссыздық деңгейі өте жоғары болып тұр. Үкімет жұмыспен қамтуға көңіл бөліп, экономиканы қалпына келтіру бойынша қабылдап отырған шаралар осы жылдың шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандырады деп есептейміз, - деді Біржан Нұрымбетов.
Ол осы жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 1 миллион 220 мың адамды тарту жоспарланып отырғанын атап өтті.
Азаматтардың көбі нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде  – 600 мың адам, жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде – 255 мың адам, басқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша (Нұрлы жол, Нұрлы жер, 2020-2025 жылдарға арналған ИИДМБ және т.б.) – 364 мың адам жұмыспен қамтылады. Жыл соңында күтілетін жұмыссыздық деңгейі 6,1% болуы мүмкін, - деді Біржан Нұрымбетов.
Министрдің айтуынша, 1 маусымдағы жағдай бойынша 224 мыңнан астам адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысып, олардың 185 мыңы жұмысқа орналастырылды. 
Мемлекеттік қолдау шаралары аясында бос жұмыс орындарына 99 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 62 мың; әлеуметтік жұмыс орындарына – 13 мың; жастар практикасы бойынша – 11 мың орналастырылды. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 255 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 6505 инфрақұрылымдық жоба көзделген, оның 15 мыңы тұрақты нысандарда. ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асырудың ерекше шарты – бұл отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерінің кем дегенде 90%-ын пайдалануды қамтамасыз ету. Жұмысшылардың кем дегенде 50%-ы Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа қабылданады.ЖҚЖК іске асыру болашақта аралас салаларда 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құруға негіз болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы