Астана, BAQ.KZ. Былтыр жұмысшыларға жалақы төлемеген 1,2 мың кәсіпорын анықталды, 32 мың жұмысшының құқығы қорғалып, олардың алдындағы 3,2 млрд теңге қарыз өтелді.
Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
2019 жылдың 1 қаңтарында 6203 жұмысшының алдындағы жалақы бойынша қарыз 1,97 млрд теңгені құрады. Бұл 139 жұмыс берушінің қарызы. Олардың 77% -ы, 108 кәсіпорын банкротқа ұшыраған (1,52 млрд теңге).
Өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы 8,7 мың тексеру жүргізіп, 11,9 мың бұзушылықты анықтады. Ал жұмыс берушілерге 5,1 мың ұйғарым беріліп, 402,4 млн теңгеге 2,5 мың айыппұл салынды.
Құқық қорғау органдарына 1,4 мыңға жуық материал жолданып, осы материалдар бойынша 98 қылмыстық іс қозғалды.