Жұмыспен қамту орталықтарының 500 қызметкері біліктілігін арттырады

7 Желтоқсан 2019, 08:55
2489
Бөлісу:
Жұмыспен қамту орталықтарының 500 қызметкері біліктілігін арттырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының 500-ден астам қызметкері жаңа дағдыларды үйренеді, деп хабарлайды "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ баспасөз қызметі.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері үшін жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл, жұмыссыз азаматтармен жұмыс кезінде кейс-менеджментті қолдану және кәсіптік бағдар беру бойынша оқыту семинарларын бастады.

5-6 желтоқсанда елордада ЕРДО "Эрнст энд Янг Қазақстан" ЖШС халықаралық компаниясымен бірлесіп, Қарағанды облысы және Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталықтарының 30 қызметкеріне алғашқы семинар өткізді. Оқыту персоналдың әлеуетін арттыруға, оларға лайықты жұмыс таңдауда тиімді жәрдемдесуге және жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған, - делінген хабарламада.

Семинар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп іске асырып отврған "Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру" жобасы аясында ұйымдастырылды. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап 2020 жыл ақпанға дейін еліміздің барлық өңіріндегі ХЖҚ-дан барлығы 500-ден астам қызметкер оқытылады.

Жұмысқа орналастыру барысында жүргізілген өзгерістердің тиімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа жұмыс әдістерін енгізу жеткіліксіз. Қызметкерлердің ұйымдастырушылық мәдениеті мен психологиясын түбегейлі жақсарту қажет. Жұмыстағы басты буын клиент – жұмыс іздеуші немесе жұмыс беруші және оның қажеттіліктері болуы керек, – деді ЕРДО Жұмыспен қамту қызметін дамыту департаментінің директоры Ирина Рубашина.

Тренинг барысында тыңдаушылар жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл ерекшеліктері және жұмыссыз азаматтармен жұмыс істеу кезінде кейс-менеджментті қолдану, кәсіптік бағдар жүргізу түрлері мен әдістері туралы білім алып, сонымен қатар еңбек нарығын қысқа мерзімді болжау және мониторинг жүргізу дағдыларын үйренді.

Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушылар тренингті аяқтағаны туралы сертификат алды. Қазақстанда жұмыспен қамту қызметін трансформациялаудың толыққанды процесі 2018 жылы басталды. Жұмыс орталығы қызметкерлерінің біліктілігін тұрақты арттыру - олардың жұмысының сапасын жақсарту кезеңдерінің бірі.





 

Өзгелердің жаңалығы