Алматы, BAQ.KZ. Алматыда өз әріптесін өлтірген ер адам тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыс осы жылдың мамыр айында болған. Тергеу материалдарында бұрын сотталған азамат жұмыс орныда өз әріптесімен ішімдік ішкені айтылады. Екеуінің арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде жәбірленуші сотталушыны мойнынан қылқындырып, еденге құлатқан. Кейін оны жіберіп, цехтан шығуға беттеген.
Осы сәтте сотталушы еденнен тұрып, жәбірленушіні қуып жетіп, желкесінен ұрып, жерге құлатқан. Сол жерде соққыға жығып, тек еденді қан басып әрі әріптесінің ес-түссіз жатқанын көргенде ғана ұруды тоқтатқан. Жәбірленуші алған соққылардан сол жерде қайтыс болған.
Сотта сотталушы өз кінәсін толығымен мойындады.
Соттың үкімімен В. есімді азамат кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 14-бабына сай, сотталғанның іс-әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылды, - делінген хабарламада.