Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жұма күні елордаға 2,5 тонна көмір жеткізілді

12 Қаңтар 2019, 11:54
1550
Бөлісу:

Астана, baq.kz. 11 қаңтардағы елордадағы қатты отынның жалпы қоры 11 210,89 тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

11 қаңтар күні Елордаға 2 579 тонна көмір әкелінген. Оның ішінде 695 тонна «Шұбаркөл», 1 184 тонна «Қаражыра» , 700 тонна «Майкөбе» көмір маркасы жеткізілген.

Ал көмір бағасы төмендегідей: «Шұбаркөл» - тоннасына 11300 теңге, «Қаражыра» - тоннасына 13 200 теңге, «Майкөбе» - тоннасына 12 000 теңге, «Богатырь көмірі» - тоннасына 9000 теңге, «Кузнецкий» – тоннасына 12250 теңге.

«Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды.

2018 жылдың 1 тамызынан 3 қаңтарға дейін 339,5 мың тонна сатылды.

Бүгінгі күні, көмір нарығында жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ.

Астана қаласы әкімдігінің көмір нарығындағы жағдай күн сайын бақыланады және үнемі қадағаланады. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.

Өзгелердің жаңалығы