Зейнеткерлерге коммуналдық қызметтің қымбаттауына байланысты қаржылай көмек көрсетіле ме

17 Тамыз 2023, 09:50
4652
Бөлісу:
Зейнеткерлерге коммуналдық қызметтің қымбаттауына байланысты қаржылай көмек көрсетіле ме
Фото: BAQ.KZ - архив

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 17 тамызда коммуналдық қызметтердің ақысының өсуіне байланысты зейнеткерлерге қаржылық көмек көрсету туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Үкіметтің қаулысымен барлық зейнеткерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деген тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, - делінген Еңбекмині таратқан хабарламада.

Үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ. Сол себепті бұл ақпарат жалған. 

Сонымен қатар, Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның аясында жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсету қарастырылғанын хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

Бұл көмекке «Тұрғын үй көмегін тағайындау» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы құжаттарды тапсыруға болады.

Өзгелердің жаңалығы