Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды

Кеше, 18:22
201
Бөлісу:
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды
Фото: Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы

Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының зейнеткерлері “Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы” қоғамдық бірлестігінің тәрбиенушілеріне арнап шырша мерекесін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының, хабарлауынша, өнерлі ата-әжелердің ұйымдастыруымен өткен “Жаңа жылға арналған ғажайыптар!” атты жаңа жыл мерекесіне 15 бала қатысты.

Шырша мерекесінде өнерпаз зейнеткерлер бүлдіршін балалармен бірге шыршаны айналып ән айтып, “Маша мен аю”, “Карлсон” мультфильмдерінің кейіпкерлеріне айналып, жаңа жылдық көрініс көрсетті. Балалар Аяз ата мен Ақшақарға ән салып, тақпақ айтып берді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды шырша мерекесімен құттықтауға Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшылығы, Байқоңыр ауданы әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің өкілдері келді.

Мерекелік іс-шара ата-аналары мен балалар көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жағымды атмосфера қалыптастырды.

Жаңа жылдық кештің қонақтары аға буын өкілдеріне өз ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Шырша мерекесінің жылы, әрі достық атмосферасын жаңа жылдық сыйлықтар толықтырды. Барлық балаға тәттілер мен ойыншықтар таратылды.

Зейнеткерлердің бастамасымен өткен қайырымдылық шарасы бұдан әрі жалғасын тауып, келер жыл “Қайырымдылық жібі” аясында өтетін болады.

Өзгелердің жаңалығы