Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
11 қараша күні сағат 17.00 шамасында Ленин кентінде Мұқажанов көшесі бойында «Toyota Авенсис» маркалы автокөлігінің 75 жастағы жүргізушісі 1972 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден жүгіріп өткен. Бұл фактіге қатысты сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған 176 ЖКО тіркелді, салдарынан 13 адам қаза тапты, 166 адам жарақат алды.