Ақтауда зейнеткерлерге тегін дәрі таратылды

14 Шілде 2020, 19:45
1485
Бөлісу:
Ақтауда зейнеткерлерге тегін дәрі таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда кәсіпкерлердің қолдауымен Ресей Федерациясы Астрахан қаласынан дәрі-дәрмектерді жеткізу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, дүниені дүрбелеңге салған індет дағдарысына қарсы тұру үшін, қаладағы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға дәрі-дәрмектер тегін үлестірілді, – деп хабарлады Маңғыстау облысының қоғаммен байланыс орталығы.

Атап айтқанда, Ақтау қаласындағы әлеуметтік көмек алатын 555 отбасы, 313 көпбалалы ана, 516 әр түрлі топтағы мүгедектер мен жалғыз басты зейнеткерлер, көмекке зәру тағы 80 адамға парацетомол және аспирин дәрілері тегін таратылды. Гуманитарлық көмек жалпы саны 1464 адамға көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы