Ақмола облысының егде жастағы тұрғыны видеоқоңырау арқылы алаяқтарға 8 млн теңгеден астам қаражатын аударып жіберген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ІІМ баспсөз қызметіне сілтеме жасап.
Алаяқтар әйелге қоңырау шалып, өздерін астаналық тергеуші ретінде таныстырған. Олар оның шотынан біреулер қаражат шешіп алуға тырысып жатқанын айтып, шұғыл әрекет ету қажет екенін жеткізген. Кейіннен тағы бір видеоқоңырау түсіп, онда полиция формасын киген, мемлекеттік рәміздер фонында тұрған адам өзін Астана қалалық полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкері ретінде таныстырады.
Осыдан кейін әйел оларға толық сеніп қалған. Қылмыскерлер төрт күн бойы оны түрлі тәсілдермен алдап, несие рәсімдеуге, қайта қаржыландыру жасауға және белгісіз шоттарға ақша аударуға мәжбүрлеген. Нәтижесінде әйел 8,8 миллион теңгеден астам қаржысынан айырылды.