Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.
«Отбасы банк» басшысы атап өткендей, осы жылдың қаңтар айынан бастап зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегінен асқан бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатына пайдалануға болады. Оны «Отбасы банк» оператор ретінде қазақстандықтардан enpf-otbasy.kz платформасы арқылы өтініштерді қабылдауды бастады.
Бүгінгі таңда бұл мүмкіндікті 370 мыңға жуық адам пайдаланды. Олардың шешіп алған соманың жалпы көлемі 1 трлн 700 млрд теңгені құрап отыр. Желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді, - деді Ибрагимова.
Қазақстандық үшін көптен күткен опция пайда болды. Енді шектік сомадан асқан зейнетақы қаражаты көмегімен «Отбасы банкіндегі» депозиттерді толықтыруға болады.
2021 жылы 16 желтоқсанда enpf-otbasy.kz порталында тұрғын үй құрылыс жинақ салымын одан әрі жинақтау үшін «толықтыру» батырмасы пайда болды. Бүгінгі күні қазақстандықтар 8 млрд теңгені депозитке аударды. Қазір 3-4 сағаттың ішінде оның көлемі 11 млрд теңгеге жетті, - деп түсіндірді банк өкілі брифингте.
Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырма орындалғанын айтты.
Енді қазақстандықтар бастапқы жарнаны тездетіп жинап, жақын арада өз үйінде қоныс тойын тойлай алады. Ең бастысы бұл мүмкіндікті жас қазақстандықтар да пайдалана алады. Қазір 18-25 жас арасындағы жастарға зейнетақы қорынан қаражатты падалана алатындар саны 5%. Жасына, үлкен тәжірибесінің болмауына байланысты олардың жеткілікті жинақтары жоқ. Дегенмен олар үшін де тұрғын үй мәселесі өте маңызды. Жаңа функция осы мәселені шешуге арналған, - деп толықтырды Ләззат Ибрагимова.