Денсаулық сақтау министрлігі тіс емдеу үшін зейнетақы жинақтарын алу ережелерін жаңартты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл жоба «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.
Тіс емдеуге арналған жинақталған зейнетақы төлемдерін алу үшін енді дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындысын алу қажет. Дәрігерлік-консультациялық комиссия өтініш беруші ұсынған мына құжаттарды тексереді: емдеуге дейін және кейін рентген сәулелерінің нәтижелері, емдеу жоспары, өтініш беруші таңдаған стоматология лицензиясы. Содан кейін дәрігерлік-консультациялық комиссия құрамына кіретін тіс дәрігері белгіленген нысан бойынша қорытынды шығарады, - делінген жазбада.
Енді тіс дәрігерінде емделу үшін жинақ ақшаны алу үшін медициналық комиссияның қорытындысын алу керек.
Жинақ ақшаны алу үшін енді дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытынды беру керек. Ата-анаға зейнетақы жинақтарын баласын емдеуге пайдалануға рұқсат етіледі.