Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зейнетақы төлемдері 5 пайызға артты

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ коллажы
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдерін 5 пайызға көбейтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БЖЗҚ ақпаратынша, зейнетақы төлемдерінің мөлшері Үкімет бекіткен әдістемеге сәйкес есептеледі. Жаңа тәртіп бойынша зейнетақы төлемдерін алғаш рет алатын азаматтардың ай сайынғы төлемі зейнетақы жинақтарының сомасы мен төлеу мөлшерлемесі (6,5%) негізінде есептеліп, 12 айға бөлінеді. Келесі жылдары төлемдер индекстеу мөлшерлемесіне сәйкес жыл сайын 5 пайызға өседі.

БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70 пайызына тең. Ал ең жоғарғы мөлшері зейнетақы жинақтарының көлеміне байланысты шектелмейді.

Ай сайынғы төлемдер жеке зейнетақы шотындағы қаражат толық таусылғанға дейін жүргізіледі. Жеке зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып саналады және мұраға қалдырылады.

Бұған дейін болашақта Қазақстанда зейнетақы қалай төленетінін жаздық. Алдағы жылдары қазақстандықтардың зейнетақысы бірнеше көзден құралатын болады. Ынтымақты компоненті жоқ азаматтар үшін зейнетақы төлемдері мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші аударымдары есебінен қалыптасады.

Өзгелердің жаңалығы