Зейнетақы шоты қалай ашылады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) жеке зейнетақы шоты алғашқы жарна түскен сәттен бастап автоматты түрде ашылады.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 10:28
Бүгiн 2026, 10:28
640
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) жеке зейнетақы шоты алғашқы жарна түскен сәттен бастап автоматты түрде ашылады. Бұл үшін азаматтарға өтініш берудің немесе қор кеңсесіне барудың қажеті жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шот ашылғаннан кейін салымшылар БЖЗҚ-ның онлайн қызметтерін пайдалана алады. Атап айтқанда, олар:

  • зейнетақы жинақтарының көлемін тексере алады;
  • шот бойынша үзінді көшірме ала алады;
  • жеке деректеріне өзгеріс енгізе алады;
  • ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) мен мүгедектік бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш бере алады;
  • берілген өтініштердің мәртебесін бақылай алады;
  • жинақтарының бір бөлігін инвестициялық басқаруға аудара алады;
  • зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ төлем мөлшерін есептеп, жеке зейнетақы жоспарын құра алады.

Барлық қызмет enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте және БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасында тәулік бойы қолжетімді.

Қор мәліметінше, 2025 жылы БЖЗҚ 43,3 миллионнан астам қызмет көрсеткен. Оның 97,9 пайызы электрондық және автоматты форматта ұсынылған.

Наверх