Вице-премьер зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға қатысты жауап берді

10 Қыркүйек 2019, 12:08
3357
Бөлісу:
Вице-премьер зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға қатысты жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысынан кейін тілшілер вице-премьер Әлихан Смайыловтан зейнетақы қорындағы ақшаны қашан алуға болатынын сұрады.

«Президент өз Жолдауында Үкіметке халықтың жекелеген санаттарына зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін баспана мен білімге жұмсауға рұқсат беру туралы тапсырма берген болатын. Енді, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті органдармен бірлесіп, ұсыныстарды әзірлейді. Олар бекітілген мерзімде қажетті ұсыныстарды дайындап, қоғамдық талқылауға шығарады деп ойлаймын", - дейді Әлихан Смайылов.

-2020 жылдан бастап, Қазақстан азаматтары зейнетақы жинағын пайдалана ала ма?

-Алдымызда осындай міндет тұр.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке жыл соңына дейін зейнетақы қорына жинаған қаражаттың бір бөлігін мақсатты түрде пайдаға жаратуын қарастыруды тапсырған еді.

«Қазір жұмыс істейтін адам зейнеткерлікке шықпайынша, қорға жиған ақшасын пайдалана алмайды. Бірақ адамдардың зейнетке шықпай тұрып жаратқысы келетіні түсінікті. Сондықтан Үкіметке жыл соңына дейін зейнетақы қорына жинаған қаражатының бір бөлігін мақсатты түрде пайдаға жаратуын қарастыруды тапсырамын», - деген болатын Қазақстан президенті.

Өзгелердің жаңалығы