Зейнетақы қорынан енді бала еміне де қаржы аударуға болады

1 Наурыз 2022, 07:09
1318
Бөлісу:
Зейнетақы қорынан енді бала еміне де қаржы аударуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі арнайы бұйрық дайындауда.

Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті өзгерісі "Ашық нормативтік акт нормалары" порталында жарияланған.

Жұбайының немесе жақын туысының бір реттік зейнетақы жинағын пайдаланған жағдайда тараптар жеке кабинетте неке туралы куәлікті ұсыну арқылы немесе туыстық байланысын растай отырып, электронды қолтаңба арқылы бір реттік төлем алу туралы келісім жасайды. Бірыңғай зейнетақы төлемдерін өз баласының еміне жұмсауға болады, – деп жазылған құжатта.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығының жобасы сайтта 2022 жылдың 14 наурызына дейін талқыланады.

 

Өзгелердің жаңалығы