Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зейнетақы қоры: Ұлттық банк пен инвесторлар елімізге қанша кіріс әкелді?

8 Қараша 2025, 11:18
443
Бөлісу:
 BAQ.KZ коллаж
Фото: BAQ.KZ коллаж

Зейнетақы қорында қордаланып жатқан ақша көлемі 25,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы “15 минуттық экономикалық шолу” жобасында Айбар Олжай айтты.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жатқан қаржыны халық тек мемлекеттік ұйымдарға ғана емес, жекеменшік компанияларға да сала алады. Бұл туралы жоба барысында сарапшы толық талдау жүргізді.

Бүгінде зейнетақы қорындағы қаражаттың 25 трлн теңгесі мемлекеттік ұйымдарда тиесілі болса, 700 млрд теңге жеке компаниялардың еншісінде. Ұлттық банк – зейнетақы активтерін сенімгерлік пен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады. Тәуекелден қорғанады. Ұлттық Банк өзі басқарып отырған 25 трлн ақшаның 42,08%-ын Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына салған, - деді сарапшы.

Ал жеке компаниялар зейнета мөлшерінен 74,2 млр теңгені басқаруға алған. Олардың ішіне: Alatau city invest, Halyk Global Markets, bcc invest, Central securitles және Halyk Finance сынды компаниялар кіреді.

Нәтижеге көз жүгіртсек, Alatau City invest - 13,29 млрд теңге активті басқарып, 11,99% кіріс көрсетті. Halyk Global Markets – 6,98 млрд теңгені инвестициялап, 13,02% кіріс көрсетті. bcc invest – 8,51 млрд теңгені басқарып, 13,22 % кіріс көрсетсе, Central securitles – 3,33 млрд теңгеге зейнетақы ақшасын инвестициялауға мүмкіндік алып, рекорд көрсетіп, 18,19% кіріс көрсетті, - дейді ол.

2024 жылдың қазан айынан күні бүгінге дейін Ұлттық банк зейнетақы жинақтарын басқарып, орта есеппен 14,11% кіріс әкелген.

Өзгелердің жаңалығы