БЖЗҚ жыл басынан бүгінге дейін тұрғын үй мен емделуге азаматтарымыз қанша қаражат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қордың редакциямызға берген ресми жауабында биыл 1 қаңтардан 1 қарашаға дейін «БЖЗҚ» АҚ тұрғын үй алу мен емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) 502 242 адамға аударғаны айтылған.
Барлық төлемнің жалпы сомасы – 919,55 млрд теңге. Оның ішінде:
- 242 544 адамға 531,06 млрд теңгеден сәл артық сома тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жұмсалған;
- 259 698 адам 377,2 млрд теңгеден астам қаржыны емделуге пайдаланды.
БЖЗҚ мәліметінше, тұрғындардың бұл мақсаттарға зейнетақы қаражатын пайдалану қарқыны жыл сайын артып келеді.