Бүгін қордағы ақшаны банк ай сайынғы төлем ретінде алу үшін не істеу керегін түсіндіреміз, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Зейнетақы қорындағы ақшамен ипотека төлеуге бола ма
Ол үшін ең алдымен қордағы ақша бекітілген шекті сомадан көп болуға тиіс. Сол себепті бірінші артық ақшаңыз бар-жоғын тексеріп алыңыз.
Қанша қаражат алуға болатынын қалай біледі
eGov пен eGov-mobile көмегімен не ЕНПФ-Отбасы сайтында (өту үшін сілтемені басыңыз) тексеруге болады.
ЭЦҚ не СМС-құпиясөз арқылы авторизациядан өту керек.
Тұлғаны растаған соң зейнетақы шотынан анықтама келеді, оған мынадай мәлімет жазылады:
— жалпы жинақ сомасы;
— жектілікті шек;
— лимиттен тыс сома.
Артық ақшаның бәрін алу міндет емес. Бір төлемге жететін соманы аударуға болады.
Қордағы қаражатты ай сайын жұмсаймын десеңіз де өз еркіңіз.
Бірақ қайта-қайта өтінім беруге тура келеді, бірнеше айдың қарызын бірден жабуға болатын баптау жоқ.
Қай банк арқылы төлем жасауға болады
Бұл схема Отбасы банкте, Altyn, Forte және Bereke (бұрынғы Сбербанк) қаржы ұйымдарында қолжетімді.
Halyk, Freedom және ЦентрКредит өкілдері қордағы ақшамен қарызды тек ішінара не толық өтеуге болатынын айтты.
Яғни олар ақшаны алады, бірақ кесте бойынша өзіңіз ай сайын төлем жасайсыз. Ішінара ақы түскендіктен, келесі айдан бастап төлем сомасы азаяды.
Зейнетақы қорындағы ақшамен ипотеканы қалай төлейді
Шотыңызда бір айлық төлем жасауға жететін ақша бар делік.
Алдымен ақшаны зейнетақы қорынан арнайы шотқа аудару қажет.
1-қадам. Арнайы шот ашыңыз.
Несиені Отбасы банктен алсаңыз, арнайы шотты ЖССБ24 қосымшасынан ашасыз.
- Қосымшаны жүктеп алыңыз.
- «Бірыңғай зейнетақы төлемі үшін шот ашу» бөлімін таңдаңыз.
- Ұялы телефоныңыздың нөмірі мен ЖСН жазыңыз. Әрекетті растау үшін коды бар СМС келеді.
- Содан кейін тексерістен өтіп, тұлғаңызды растайсыз.
- Жеке мәлімет беріп, анкета толтырыңыз.
- Шарттарын оқып, белгіні басыңыз.
- Тіркеуді аяқтау үшін қосымшаға кіретін құпиясөз ойлап табыңыз.
Отбасы банкке видеоқоңырау шалып, шот ашуға да мүмкіндік бар.
Арнайы шотыңыз бұрыннан болса, жаңасын ашудың қажеті жоқ.
Ипотека екінші деңгейлі банкте рәсімделсе, арнайы шотты сол банктің қосымшасынан ашу керек.
2-қадам. Зейнетақы қорынан ақша алуға өтінім беріңіз.
Enpf-otbasy.kz арнайы платформасына кіріңіз
1. ЭЦҚ көмегімен авторланыңыз.
Соның көмегімен мыналарға қол қоясыз:
— деректерді өңдеуге келісім;
— зейнетақы төлемдерін пайдалануға қатысты міндеттемелер;
— стандарт шарттар туралы өтініш.
2. «Зейнетақы төлемдері» дегенді басыңыз.
Содан кейін БЖЗҚ-дағы қаражатты пайдалануға өтінім беретін үлгі ашылады.
Мақсатты таңдаңыз:
— Отбасы банк:"Тұрғын үй-құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарызды ішінара жабу«.
— Басқа ЕДБ: «Ипотека қарызын ішінара төлеу».
3. Алғыңыз келетін соманы жазыңыз.
Мына жағдайда ай сайынғы төлемге жететін соманы жазамыз.
4. Салық ұстау тәсілін (оны қазір не зейнетке шыққан соң төлеу) таңдаңыз.
5. «Өтінім рәсімдеу» батырмасын басамыз.
6. ЭЦҚ көмегімен мына құжаттарға қол қойыңыз:
— біржолғы төлем туралы өтініш;
— салық ұстау туралы өтініш;
— несие тарихыңызды Бірінші кредиттік бюроға жіберуге келісім.
Өтінім жеті жұмыс күні ішінде өңделеді.
БЖЗҚ базасы Отбасы банк базасымен үйлескен, сондықтан несие алған кісілер қосымша құжат жүктемейді.
Ипотека басқа банкте рәсімделсе, қарызыңыз бар екенін растайтын құжаттарды жүктейсіз. Оны банк бөлімшесінен не мобильді қосымшадан алуға болады. Қарыз бар екені және қанша қалғаны туралы анықтаманы 15 күнтізбелік күн ішінде жүктеу қажет.
Осы сәтте бір маңызды жайт бар: арнайы шоттағы ақшаны жоспарлы төлем жасайтын күні ғана аудару керек.
Дәл сол күні БЖЗҚ-дан түскен төлемді сіз көрсеткен банк қабылдайды.
Ақшаның сол күні түсуін қадағалаңыз. Арнайы шотта қаражат 20 күн сақталады.
Кесте бойынша төлем жасайтын күні мобильді қосымшаны қайта ашыңыз.
Әрі қарай мына тізбек бойынша әрекет етесіз:
«Менің операцияларым — » Алдын ала төлеу" — «Ішінара төлеу» — БЗТ шоты" — жалғастыру.
Содан кейін экранға қарыз жөніндегі жазба шығады, онда соманың бір бөлігі қарызды жабуға, қалғаны негізгі қарыз шотына аударылатыны көрсетіледі. Танысып, қол қойыңыз.
Алдын ала төлем жасау туралы өтінімге СМС-код арқылы қол қойыңыз.
Болды, дайын. БЖЗҚ-дағы ақша ай сайынғы төлем жасауға жұмсалады.
Кrisha.kz-тің мәліметінше, егер ақша банкке ерте не бір күн кешігіп түссе, қарызды ішінара жабу үшін қолданылады да, ай сайынғы төлемді одан бөлек жасауға мәжбүр боласыз.