Зейнетақы активтері 152 млрд теңгеге өсті – Ұлттық банк

8 Ақпан 2022, 11:56
1863
Бөлісу:
Зейнетақы активтері 152 млрд теңгеге өсті – Ұлттық банк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы  Ғалымжан Пірматов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

Зейнетақы жинақтарының 2,6 трлн теңге сомасында мерзімінен бұрын алынуына қарамастан зейнетақы активтері 13,0 трлн теңгеге дейін 152 млрд теңгеге өсті, - деді Пірматов. 

Ол атап өткендей, өткен жылғы инвестициялық кірістің көлемі 1,4 трлн теңге, зейнетақы жарналарының көлемі 1,3 трлн теңге, зейнетақы төлемдерінің көлемі 268 млрд теңге болды. 

Зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 2,7% болды. 2022 жылы портфельді одан әрі әртараптандыру арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің кірістілігін арттыру жұмысы жалғасатын болады, - деді Ұлттық банк төрағасы. 

Өзгелердің жаңалығы