Зейнетақының бір бөлігін алу. Бағдарламаға 10 күн

2 Ақпан 2021, 12:17
4056
Бөлісу:
Зейнетақының бір бөлігін алу. Бағдарламаға 10 күн
EX

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу туралы заңға қол қойды. Бағдарлама 23 қаңтарда басталып, бүгінгі күнге дейін қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге алуға өтінімдерін арнайы ашылған сайтта беріп жатыр.

Бүгін қазақстандықтарға тағы бір рет зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай алу керектігін еске саламыз. 

Зейнетақының бір бөлігін алуға өтініш беретін enpf-otbasy.kz сайты 23 қаңтарда іске қосылды. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын шешіп алуға өтінімдер қабылдау соңғы 10 күн бойы іске асырылуда және бұл жұмыс әрі қарай да жалғасып жатыр. 

2021 жылғы 30 қаңтарда Үкіметтің 2021 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары күшіне енді. Осы күннен кейінгі бірінші жұмыс күні, 2021 жылғы 1 ақпанда БЖЗҚ «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан Қорға 25 қаңтарда келіп түскен өтініштер бойынша төлем жүргізуді бастады. Жинақтарды уәкілетті операторға аудару уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтініші келіп түскеннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, - деп кеше БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлама таратты. 

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда, яғни «Отбасы банкі» АҚ-дан өтініштер түскен алғашқы күні жалпы сомасы шамамен 49,2 млрд теңгеге 8 460 өтініш (немесе берілген өтініштердің жалпы санының 82%) тексеруден сәтті өтті. Дәл осы сома «Отбасы банкі» АҚ-ға салымшылардың арнайы шоттарына одан әрі мақсатты пайдалану үшін аударылды. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, enpf-otbasy.kz платформасының алғашқы күнінде, яғни 23 қаңтарда сағат 19:00-ге дейін біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға 11 мыңнан астам қазақстандық өтінім берді. Ал 26 қаңтарда сағат 18:00-ге дейін өтінім берушілер саны 22 300-ге жетті. 

98000 шот ашылды, 67 000 өтінім берілді. 34 149 өтінім БЖЗҚ-мен келісіп, дүйсенбіде арнайы шоттарға аударуды бастауға уәде берді! Ережеге сәйкес оларда 5 күн бар, - деп жазды 29 қаңтарда «Отбасы банк» басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов. 

Сондай-ақ, кеше Отбасы банк алғашқы біржолғы зейнетақы төлемдері 8 693 қазақстандықтың арнайы шоттарына түскені туралы сүйінші хабарлама жасады.

Зейнетақы жинақтарын қандай мақсатта жұмсауға болады? 

- Ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеу;
- Ипотекасыз тұрғын үй сатып алу;
- Отбасы банкте тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй заемын алу;
- Ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарнаны енгізу;
- Сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешекті өтеу;
- Жеке тұрғын үй құрылысы (жер телімін сатып алуды қоса алғанда);
- Ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру;
- Зейнетақы жинақтарын туысыңызға беру;
- Емделу. 

Айта кетейік, жасына сай жеткілікті шектен асып тұрған жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар ғана мерзімінен бұрын шешіп ала алады. Елімізде олардың саны шамамен 760 мыңды құрайды. 

  БЖЗҚ-да жиналған ақшаны қалай тексеруге болады? 

  -          enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логині мен паролін қолдану;
-          ЭЦҚ немесе пайдаланушының логині мен паролін қолдана отырып, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы;
-          ЭЦҚ немесе ЖСН және mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы түсетін бір реттік парольді пайдалана отырып, cabinet.enpf.kz/porog порталы арқылы;
-          eGov.kz «Азаматтарға арналған электрондық үкімет» сайтында немесе eGov Mobile ұялы қосымшасы арқылы;
-          салымшының enpf.kz сайтында қалыптастырған үзінді көшірмесін БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық пошта мекенжайына жіберуі арқылы;
-          салымшының қосымша өтініш беруін қажет етпейтін, оның БЖЗҚ дерекқорында тіркелген электрондық пошта мекенжайына тұрақты түрде үзінді көшірме жіберу арқылы;
-          пошта байланысы қызметі арқылы (БЖЗҚ дерекқорында тіркелген пошта мекенжайына жыл сайын хабарландыру барысында жылына бір рет);
-          салымшы жеке куәлігімен БЖЗҚ-ның кез-келген жақын орналасқан өңірлік бөлімшелерінің біріне өзі келген жағдайда. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу және пайдалану жөніндегі уәкілетті оператор «Отбасы банкі» мен Халық банкі. Демек азаматтар зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын осы екі банк арқылы шешіп алуға мүмкіндіктері бар.

Зейнетақы жинақтарын шешіп алу үшін азаматта ең алдымен электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет. Оны egov.kz-тен және Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады. 

  enpf-otbasy.kz сайтында жинақты алуға өтінім қалай беріледі? 

1.      ЭЦҚ-ны алып, Pki.gov.kz сайтында NCALayer бағдарламасын компьютерге орнату қажет.
2.      Cabinet.enpf.kz арқылы өзіңіздің қолжетімді сомаңызды тексеріңіз.
3.      ЖССБ24 қосымшасы немесе видеобанк арқылы арнайы шотты ашыңыз.
4.      Платформада ЭЦҚ арқылы жеке кабинетке кіріңіз.
5.      Мақсатты таңдап, соманы көрсетіп, өтінішті рәсімдеңіз.
6.      Өзіңіздің арнайы ағымдағы шотыңызға БЗТ-ны алыңыз (5 жұмыс күні ішінде).
7.      Мақсатты растаушы құжаттарды енгізіп, қаражатты аударуға өтініш рәсімдеңіз (45 жұмыс күні ішінде).
8.      Уәкілетті оператор құжаттарды тексергеннен кейінқаражатты мақсаты бойынша аударады (10 жұмыс күні ішінде). 

Айта кетейік, бұл процедуралар тек компьютер арқылы ғана жасалады. Себебі NCALayer бағдарламасын телефонға орнату мүмкіндігі жоқ. Сондықтан өтінім берушіде компьютері болғаны дұрыс. 

    Өтінімдердің қабылданбауының негізгі себептері

1.    Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.
2.    Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.
3.    Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсетті.
4.    Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.
5.    «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.
6.    Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген. 

Бұған дейін ОКҚ-да өткен брифингте Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорындағы жеткілікті сомадан артық қаражатты алудың алгоритімін түсіндіріп берген болатын. 

Осы бағдарламаға қатысқысы келетін әр азамат, яғни Бірыңғай зейнетақы қорындағы өзінің жинағының жеткілікті мөлшерін есептеулері керек. Яғни ережеде көрсетілген мақсаттарға үстіндегі қалған қанша ақшаны пайдалана алатынын анықтауы қажет. Кейін арнайы есепшотты ашуы керек. Оны «Отбасы банкінен» не болмаса өзінің қалауы бойынша екінші деңгейлі банктерден ашуға болады. Сонымен қатар үшінші қадам – ертең сағат 9-да «Отбасы банкінде» портал ашылады. Сол порталға электронды цифрлы қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы кіреді. Содан кейін қордағы жеткілікті мөлшердің үстіндегі ақшаны қайдай мақсатқа пайдаланатынын көрсетіп, өтінім береді. Өтінім Зейнетақы қорына жолданып, 5 (бес) күннің ішінде жауап келеді. Мақұлданғаннан кейін азамат «Отбасы банкіндегі» портал арқылы растайтын құжаттарды тіркеп, арнайы есепшотындағы ақшаны өзі көрсеткен сатып алушыға не болмаса ипотеканы өтеуге жолдай алады, - деді ол. 

  Рәсімделген өтініштің күшін жоюға немесе соманы өзгертуге бола ма? 

Ресімделген өтінішті түзету мүмкін емес, қолданыстағы өтінімді жойып (күшін жою), жаңа өтінімді ресімдеу қажет.

Қолданыстағы өтінімнің күшін жою мүмкіндігі өтініш «БЖЗҚ сіздің өтініміңізді қарауға қабылдады» мәртебесіне көшкенге дейін қолжетімді. Өтінімді жою үшін enpf-otbasy.kz платформасының Жеке кабинетіндегі Менің өтініштерім бөліміне өтіп, тиісті өтінімді ашып, төменгі оң жақ бұрышта «Өтінімді жою» батырмасын басыңыз.

Өтінім БЖЗҚ-ға жіберілгеннен кейін оны жою арнайы шотқа ақша аударылғаннан кейін немесе БЖЗҚ өтініштен бас тартып, қайтарғаннан кейін қолжетімді болады. Сіз Менің өтініштерім бөлімінде қолданыстағы өтінімнің күшін жойып, келесі күні жаңа өтініш бере аласыз.

Ақша арнайы шотқа аударылған және ол бойынша қолданыстағы өтініштің күші жойылған жағдайда, бірыңғай зейнетақы жинақтарыңыз БЖЗҚ-дағы Сіздің шотыңызға кері қайтарылады. 

Бұған дейін 22 қаңтарда зейнетақы төлемдерін тұрғын үй алуға пайдалану қағидалары күшіне енген болатын. 
 


Өзгелердің жаңалығы