Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешу ережесі өзгерді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы төлемдерін пайдалануға қатысты бұйрыққа қол қойды.</h4>

11 Желтоқсан 2021 2021, 11:00
АВТОР
 11 Желтоқсан 2021 2021, 11:00
11 Желтоқсан 2021 2021, 11:00
3345

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы төлемдерін пайдалануға қатысты бұйрыққа қол қойды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрыққа қол қойды, - делінген ведомстов хабарламасында.

Жаңа нормаларға сәйкес енді мынандай мүмкіндіктерді пайдалануға болады:

  • тұрғын үй сатып алу мақсатында одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымды толықтыру. Бұл ретте үш жыл ішінде тұрғын үй заемын ресімдеу қажет.
  • жеке үй салу үшін жер учаскесін сатып алу немесе өзінің жер учаскесінде жеке тұрғын үй салу.

Бұл ретте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы салымды кепіл ретінде беруге болмайды.



Наверх