Зейнетақы қорының қолжетімділік шегін лезде өсіріп жіберуі логикаға сәйкес келмейді – депутат

3 Желтоқсан 2021, 18:01
1566
Бөлісу:
Зейнетақы қорының қолжетімділік шегін лезде өсіріп жіберуі логикаға сәйкес келмейді – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері өзгертілді. Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров пікір білдірді.

Ол зейнетақы қорының жетімділік шегін лезде өсіріп жіберуі логикаға, ақыл-парасатқа сәйкес келмейтінін айтты.

Бүгінгі нарық бағасының өсіп, пандемия өршіп тұрған заманында мұндай мәселені қоғаммен келісе отырып, түсіндіру жұмыстарын кешенді жүргізіп, байыппен жасау керек. Бұл қадамға барғанның өзінде бірте-бірте, эволюциялық түрде қадамдар жасалуы тиіс. Мәселе салмақты түрде қоғам мен адам мүддесі тұрғысынан әлі пысықталады деп ойлаймын, - деп жазды Саиров Facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін БЖЗҚ төрағасы ең төменгі күнкөріс мөлшері неге өзгергенін түсіндіргені туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы