Зейнетақы қорынан ақша шешкенде 10 пайыздық табыс салығы ұсталмайды

12 Қараша 2020, 12:02
3142
Бөлісу:
Зейнетақы қорынан ақша шешкенде 10 пайыздық табыс салығы ұсталмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенатта қабылданған салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес азаматтарға зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алған кезде табыс салығын төлемеуге мүмкіндік береді.

Зейнетақы жинақтарындағы қаражаттың бір бөлігі мерзімінен бұрын шешіп алған жағдайда 10% -ы біржолғы салық ретінде ұсталады.  Дәл осы мәселе қоғамда наразылық тудырды. Сондықтан сенаторлар бұл төлемді кейінге шегеруді және бірнеше жылға бөліп төлеуді ұсынды. Яғни, зейнетақы жинағындағы қаржыны келесі жылдан бастап алуға болады. Ал оған тиісті салық тек зейнетке шыққан кезде ғана төленеді. Заң жобасында 16 жылға бөліп төлеу туралы ереже енгізілді, - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.
Ал азаматтығын ауыстырғысы келгендер зейнетақы жинағынан ақша алғаны немесе оның бір бөлігін пайдаланғаны үшін төленетін салықты бірден және толық өтеуге міндетті. Алайда салық сомасы БЖЗҚ шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдықтарынан ұсталады.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сенаторлардың бұл бастамасын өзекті және пайдалы деп атады.

Зейнетақы қорынан бір реттік шешіп алу кезіеде салықты ұстамау ұсынылады. Яғни, зейнетақы жинақтары алынған кезде төлем көзінен табыс салығы ұсталмайды; салық болашақта жүктемені көбейтпей төленеді.  Осылайша, бір реттік ауыртпалық болмайды, салық әділдігі қалпына келеді.  Бұл тұрғын үй сатып алуға және емделуге зейнетақы жинақтарын пайдалануға салықтық кедергілерді жояды. Сондықтан сенаторлардың бастамасы өзекті, уақтылы және азаматтарға үлкен пайда әкеледі, - деді Руслан Дәленов.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беру жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берген еді.
Өзгелердің жаңалығы