Зерттеу нәтижесі: Уақыт белдеуі ағзаға жағымды әсер етеді

Бөлісу:
Зерттеу нәтижесі: Уақыт белдеуі ағзаға жағымды әсер етеді
Фото: автордан

Алматыда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен "Бірыңғай уақыт белдеуі: ғылыми аспектілері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жиын барысында Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының орынбасары Нәби Есімов уақыт белдеуінің адам ағазына тигізетін әсеріне тоқталды.

Әртүрлі саладағы мамандардың уақыт белдеуіне қатысты ойлары бір жерден шығып жатыр. Яғни уақыттың өзгеруі денсаулыққа жағымды әсері бар деген тұжырамдаманы жасауға болады. Бірыңғай уақыт белдеуі ағзаға және менталды денсаулыққа жағымды әсер етеді. Оның дәлелі ретінде біз зерттеу жүргіздік. 2024 жылдың 1-ші наурызынан бүгінгі күнге дейінгі статистикалық мағұлматтарды жинақтастырдық. Соның қортындысы ретінде біріншілік аурушаңдық және жалпы ауыршаңдық бойынша менталды бұзылыстардағы статистикалық өзгеріс жоқ деген тұжырымға келдік, - деді Нәби Есімов.

Өзгелердің жаңалығы