Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зерттеу: Мансап пен отбасын тең ұстау әйелдерге қай жаста қиын?

Жансая ҚАМБАР
2 Қазан 2025, 15:38
473
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

KEGOC-тың басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева XVI Еуразиялық KazEnergy форумы аясындағы KazEnergy Әйелдер энергетикалық клубының VII форумында өнеркәсіптегі әйелдердің негізгі құзыреттері анықталған зерттеу нәтижесін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әйелдердің шамамен 33 пайызы табысты жұмыс пен мансаптық өсу үшін көпфункционалдылық, көпміндеттілік және стрессті басқару үшін эмоционалды интеллект дағдылары қажет екенін атады. Түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты зерттеулер де жүргізілді.

Зерттеу: Мансап пен отбасын тең ұстау әйелдерге қай жаста қиын?

30 жасқа дейінгі жас қыздарымыз үшін мансап пен отбасы арасындағы қатынасты қабылдау жеңіл болады. 30-39 жастағылар көбіне жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікте қиындықтарға жиі тап болады. 40-49 жастағылар консервативтеу адамдар, олар үшін мансаптың маңызы жоғары, бірақ сонымен бірге дәстүрлі құндылықтарды да қатар қояды. Ал 50 жастан асқандарда әйелдің әлеуметтік рөліне қатысты классикалық көзқарас сақталған, яғни ол көбіне отбасыдағы әйел, ана рөлі, – деді спикер.

Бұл жобаның қорытындысы бойынша әйелдерге ерлермен тең жағдай жасау мен мүмкіндіктердегі алшақтықты азайту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Өзгелердің жаңалығы