Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 2021 жылға бекітілген тарифтік сметаларды орындалуына талдау жүргізу бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Талдау барысында, ШЖҚ «Зеренді-Сервис» МКК-ы табиғи монополиялар субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша тарифтік сметаларда көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағаны анықталды, бұл негізсіз табыстың алынуына әкелді.
Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында, уақытша өтемдік тарифтерді енгізу арқылы табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдады.
Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша орындалмаған сома 112 318 820 теңгені құрады. Орташа тариф 6 623,26 теңгеден (ҚҚС-сыз) 1 434,82 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) 5 188,44 теңгеге немесе 78,34 % төмендетілді;
Гранитный кенті жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша орындалмаған сома 14 512 630 теңгені құрады. Орташа тарифі 5 596,83 теңгеден (ҚҚС-сыз) 1 112,68 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) 4 484,15 теңгеге немесе 80,12 % төмендетілді;
Тарату желілері бойынша су беру бойынша орындалмаған сома 30 308 330 теңгені құрады. Орташа тарифі 195,10 теңгеден/м3 (ҚҚС-сыз) 23,90 теңгеге/м3 (ҚҚС-сыз) 171,20 теңгеге немесе 87,75% - ға төмендетілді.
Уақытша өтемдік тарифтердің қолданылу уақыты 2022 жылғы 1 желтоқсаннан 2023 жылғы 30 қарашаға дейін.