«Зерде» неврологопедиялық орталығы балалардың қоғамға бейімделуіне көмек көрсетеді

31 Шілде 2023, 22:02
414
Бөлісу:
«Зерде» неврологопедиялық орталығы балалардың қоғамға бейімделуіне көмек көрсетеді

«Болашақ» ЖК директоры Ардақ Мейрамбекқызы 2021-25 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлердің бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпкердің жеке кәсібін дамыту үшін алған грантының жалпы сомасы 4 млн теңге. Кәсіпкер ағымдағы жылдың ақпан айында «Зерде» неврологопедия орталығын ашып, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды.

Орталық 1 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетеді.

Орталықтың 4 бөлмесінің әрқайсысында әртүрлі мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ, бала миының жұмысына тікелей әсер етуіне арналған спорт залымен жабдықталған. Жаттығу терапиясы бөлмесіне арналған вестибулярлық сенсорлық аппарат, әткеншек, жүгіру жолы, логопедиялық оқу құралдарымен толықтырылған.

Орталықта  6 қызметкер бар. Оның ішінде емдік дене шынықтыру жаттықтырушысы, логопед, психолог, дефектолог, нейропсихолог, педагог бар. Олардың әрқайсысы балалармен жеке де, топпен де жұмыс істейді.

Бүгінде орталық 25 баламен жұмыс істеп жатыр. Ардақ Мейрамбекқызының айтуынша, қазіргі таңда орталықта сөйлеу тілінің дамуы тежелген, әлеуметтік бейімделуінде қиындықтары бар балалар ем қабылдайды.

Орталықта көп маман болмаса да, біз бірнеше балаға көмектесіп жатырмыз. Қайтарымсыз грант мамандығыммен айналысып, осындай орталық ашуыма себеп болса, екінші жағынан балалардың қоғам өміріне бейімделуіне жағдай жасауға мүмкіндік беріп жатыр, – деді Ардақ Мейрамбекқызы. 
 

Өзгелердің жаңалығы