Өзенді тазарту кезінде Қызыл кітапқа енген ағаштар кесілді

4 Шілде 2019, 18:46
5689
Бөлісу:
Өзенді тазарту кезінде Қызыл кітапқа енген ағаштар кесілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарғалы өзенінің арнасын кеңейту кезінде мердігерлер арнайы рұқсат алмай, Қызыл кітапқа енген ағаштарды кесіп тастаған, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Елек пен Қарғалы өзендерінің бойында мемлекет қорғауына алынған орман алқабы бар. Әсіресе, Қарғалы өзенінің арнасын тазарту кезінде 5,5 га жердегі ағашты кесу жобалық-сметалық құжатқа енгізілген. Қазіргі кезде 1,75 га кесіліп кетті.

«Үйіңкі, терек, көктерек және Қызыл кітапқа енген қандыағаш бар. Комиссия ағашты санады. Жобалаушылар Орман шаруашылығы комитетінен ағашты кесуге рұқсат алуы керек еді. Бірақ олар бұл талапты орындамай, кесіп кеткен. Орман шаруашылығы сотқа арыз түсірді. Халық наразылығынан соң прокурорлар шұғыл шешім қабылдап, қылмыстық іс қозғалды», - деді Орман шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғабит Қылышбаев.

Өзгелердің жаңалығы