Украина президенті Владимир Зеленский елдің бұрынғы басшысы Виктор Януковичтің айналасындағы бірқатар шенеуніктерге қарсы санкция енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл шешім ұлттық қауіпсіздік пен мемлекетті қорғау мақсатында қабылданған.
Санкцияға іліккен тұлғалардың тізімі ресми құжатта көрсетілген.
Оларға қатысты келесі шектеулер 10 жыл мерзімге енгізілді: Оларға мүлікті бұғаттау, қаржы операцияларын шектеу және ел аумағына кіруге тыйым салу сияқты шектеулер қойылады.
Бұған қоса, Зеленский ресейлік бірқатар БАҚ-қа да санкция салғанын хабарлады. Олардың қатарында Life, Mash, SHOT, Super, News Front және Правда.ру сынды медиа бар.