Зеленский: "Трамп соғысты тоқтата алады"

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың бұрынғы басшысы Дональд Трамппен арадағы соңғы телефон арқылы сөйлесудің мазмұнын ашып айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 facebook.com/zelenskyy.official 11 Қазан 2025 2025, 21:30
11 Қазан 2025 2025, 21:30
613
Фото: facebook.com/zelenskyy.official

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың бұрынғы басшысы Дональд Трамппен арадағы соңғы телефон арқылы сөйлесудің мазмұнын ашып айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Телефон әңгімесі туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде пайда болды. Біраз уақыттан кейін Зеленский бұл әңгіменің рас екенін өзінің Telegram-арнасында растады. Ол бұл сөйлесуді «жақсы әрі өте мазмұнды» деп бағалаған.

Мен президент Трампты Таяу Шығыстағы нақты нәтижеге қол жеткізіп, шынайы келісім орната алғаны үшін құттықтадым. Бұл — мықты жетістік. Егер аталған өңірде соғысты тоқтату мүмкін болса, басқа соғыстарды да, соның ішінде осы ресейлік соғысты да тоқтатуға болады, – деп жазды Украина президенті.

Сондай-ақ Зеленский әңгіме барысында Трампқа Ресей тарапынан Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына жасалған соққылар жайлы да хабарлағанын жеткізді.

Наверх