Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский 1 қаңтарға қараған түні жаңа жылдық үндеуінде шекараға жақын орналасқан ресейлік әскерлер оның халқын қорқыта алмайтынын айтты.
Себебі шекарамыздың ар жағында үлкен армия қорғап тұр, - деді Зеленский.
Азаттықтың қырғыз редакциясының жазуына қарағанда, бұл мәлімдеме Батыс пен Мәскеу арасындағы шиеленіс күшейген тұста жасалды. Киев және Батыс Украина шекарасына 100 мыңға жуық ресейлік әскерді орналастырғанына алаңдаушылық білдіріп, Киевке шабуыл жасай ма деп қауіптенді.
Мәскеу бұл айыптауларды жоққа шығарып, қарулы қақтығыс болған жағдайда Батыстың жауап беретінін айтты.
Зеленский Киев пен елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистер арасындағы соғысты тоқтату оның үкіметінің «басты мақсаты» болып қала беретінін айтты. Ол Қырымның тағы да Киевтің бақылауына өтетінін айтты.
Украина президенті Ресей билігі Қырымда ұстаған азаматтарды қолдайтынын білдірді.