Зеленский Ресей татуласудан бас тартса, не болатынын айтты

Бүгiн, 07:52
863
Бөлісу:
Зеленский Ресей татуласудан бас тартса, не болатынын айтты
Фото: pixabay.com

Зеленский Мәскеу жуырда АҚШ пен Украина Жиддадағы келіссөздерде келіскен 30 күндік татуласу талаптарымен келіспесе, не болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Европейская правданың" жазуынша, Кремль талаптармен келіспесе, Вашингтон санкциялық қысымды қосқанда, "қатал қадамдарға" баруға мәжбүр болады.

Біз қатал қадамдарға үміт арта аламыз деп сенемін. Әзірге нақтысын білмеймін, бірақ біз санкциялық әрекеттер мен Украинаны күшейту туралы айтып отырмыз, - деді Зеленский.

Сондай-ақ ол Мәскеуге "қысым қадамдары" Вашингтонға және ресейлік тараптың келіссөздер келісіміне байланысты деп отыр. Зеленский шешімдерінің нақты екендігін алға тартты.

Мен соғысты аяқтағым келеді және мұны Трамптың көргенін қалаймын, - деп ағынан жарылды украиналық көшбасшы.

Өзгелердің жаңалығы