Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зеленский менің мақұлдауымсыз ештеңе ала алмайды – Трамп

Бүгiн, 07:48
215
Бөлісу:
 Anna Moneymaker / Getty Images
Фото: Anna Moneymaker / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Politico басылымына берген сұхбатында Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздерде шешуші рөл өзіне тиесілі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, Украина президенті Владимир Зеленский ұсынатын ешбір бастама Трамптың мақұлдауынсыз жүзеге аспайды.

Зеленский жексенбі күні Флоридада Трамппен кездесіп, соғысты тоқтатуға арналған 20 тармақтан тұратын жаңа жоспар ұсынбақ. Бұл бастама демилитаризацияланған аймақ құруды және АҚШ тарапынан қауіпсіздік кепілдіктерін қарастыруды қамтиды.

Алайда Трамп ұсынысқа сақтықпен қарайтынын білдірді.

Мен мақұлдамайынша, оның ештеңесі болмайды. Алдымен не әкелетінін көрейік, – деді ол.

Сонымен бірге Трамп Зеленскиймен де, Ресей президенті Владимир Путинмен де келісімге келуге болатынына сенім білдіріп, Путинмен кез келген уақытта сөйлесуге дайын екенін айтты.

Кездесу барысында Запорожье атом электр станциясының тағдыры, Донбасс аумағына бақылау мәселесі және қауіпсіздік кепілдіктері талқылануы мүмкін. Зеленскийдің жоспары Вашингтонда айтарлықтай қолдау таппағаны атап өтіледі, ал Ресей өз талаптарынан бас тартуға әзір екенін әзірге білдірмеген.

Трамп Ресей экономикасына қатты қысым жасалып жатқанын да атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы