Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұшағы Лондонға қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Зеленский Британия астанасына АҚШ президенті Дональд Трамппен болған даулы келіссөздерден кейін бірден ұшып келген.
2 наурызда Лондонда Ұлыбритания премьер-министрі ұйымдастырған Еуропа көшбасшыларының саммиті өтеді. Кездесу Украинадағы соғыс мәселелеріне арналмақ.
Еске салсақ, 28 ақпанда Зеленский Ақ үйде Трамппен келіссөздер жүргізіп, вице-президент Джей Ди Венспен және Трамптың өзімен қоғамдық жанжалға түскен болатын.
Келіссөздер мерзімінен бұрын аяқталып, тараптар пайдалы қазбалар бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймады.
Ақ үйдегі даудан кейін Германия, Франция және басқа да Еуропа елдері Украинаға қолдау білдірді.
Зеленскийдің өзі Трамптан кешірім сұрауға ниетті емес екенін мәлімдеді,
Лондон саммиті – Еуропаның Зеленскийге қолдау көрсетуінің кезекті қадамы болуы мүмкін.