22 наурызда Украина президенті Владимир Зеленский алдын ала хабарланбаған сапармен Донецк облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол сапарының видеосын әлеуметтік желілерде жариялады.
Видеода Украина президентінің елін қорғау жолында қаза тапқан украин жауынгерлерінің рухына тағзым еткені көрінеді.
Сонымен қатар, Владимир Зеленский Украина Қорғаныс күштерінің сарбаздарымен және жергілікті билік өкілдерімен кездесті.
Президентке аймақтағы жағдай туралы есеп берілді.
Барлық қорғаушыларымызға алғыс айтамын. Қаза тапқан барлық қаһармандарға құрмет. Украинаға көмектесіп, бізді қолдайтын әр адамға ризашылығымды білдіремін, – деді Зеленский.