Украина президенті Владимир Зеленский Киев пен Вашингтон арасында пайдалы қазбалар туралы келісім шеңберінде АҚШ-тың соңғы жылдары көрсеткен көмегін қарыз ретінде мойындауға дайын емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.KZ «Европейська правда» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Зеленскийдің айтуынша, АҚШ тарапымен негізгі ымыралы мәселелер келісімнің негізгі құжатында белгіленген. Алайда, ақпан айының соңында Ақ үйде болған оқиғадан кейін құжатқа қол қою тоқтатылған. Сол кезде-ақ Украинаның АҚШ-тан алған көмекті қайтармайтыны анықталған болатын.
Біз бұл көмекті қарыз ретінде қабылдамаймыз. Бұны мен бұрын да айтқанмын. Бұл мен үшін түсінікті әрі нақты ұстаным. Әңгіме өткен көмектер жайлы, – деді Зеленский.
Сонымен қатар, ол Украина болашақта берілетін жаңа көмек пакеттері үшін төлем жасауға дайын болуы мүмкін екенін жоққа шығармады, егер оны Дональд Трамптың әкімшілігі ұсынатын болса.
Егер болашақта жаңа көмек, жаңа қолдау пакеттері ұсынылатын болса – онда АҚШ бұл көмекті белгілі бір шарттармен беруі мүмкін. Біз бұл команданың тегін ештеңе істемейтінін жақсы түсінеміз. Олар бұны ашық айтады, – деді ол.
Бұған дейін хабарланғандай, Трамп әкімшілігі пайдалы қазбалар туралы келісімге 2022 жылдан бері берілген бүкіл көмек – әскери, бюджеттік және гуманитарлық көмекті Украина толықтай өтеуге тиіс деген талапты қайта енгізген болатын.
- Мұқаба
- Жаңалықтар
Зеленский АҚШ-тың әскери көмегін қарыз ретінде мойындаудан бас тартты

-
1Адамды өлтіріп, көлікпен бірге өртеп жіберген11592Оқушылар жазғы каникулға қашан шығады6923Келіссөз кері кете ме: Ресей АҚШ-тың ұсынысын қабылдай алмайтынын мәлімдеді6194Трамптың талабы таусылар емес: Зеленскийге тағы айып тақты5045Туристер жер сілкінісінен кейін Таиландқа баратын турларды жаппай тоқтатып жатыр497
-
1Әрқашан сұранысқа ие болатын үш мамандық анықталды100982Әскерилер 15 дәрігерді өлтіріп, бульдозермен қазылған зиратқа жерлеп кеткен26923Әскерге барғандарға 21 млн теңге жәрдемақы төленеді23434Ғалымдар 16 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның бет-бейнесін жасап шықты21415Пойыз билеттерін жарты бағасын төлеп, қалай алуға болады2070