Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зеленский 6 қаңтарда Трамптың өкілдерімен кездеседі

Кеше, 18:10
266
Бөлісу:
 24tv.ua
Фото: 24tv.ua

Украина президенті Владимир Зеленский 6 қаңтар күні Парижде АҚШ президенті Дональд Трамптың командасымен Ресей–Украина соғысын бейбіт жолмен аяқтау мәселесін талқылау үшін кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы украиналық көшбасшы Киевте журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында мәлімдеді.

Америкалық делегацияның құрамы әзірге келісілген жоқ, — деп атап өтті Владимир Зеленский.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 29 желтоқсанда Флоридада Трамп пен Зеленскийдің кездесуі өткен болатын. Келіссөздер қорытындысы бойынша АҚШ президенті Ресей–Украина соғысын реттеу бағытында елеулі ілгерілеу бар екенін айтқан.

Сол кезде-ақ Украина басшысы алдағы апталарда келіссөз жүргізушілердің жаңа кездесулері өтіп, реттеу мәселелерін түбегейлі нақтылау жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы