Ақтөбеде үздік медбике анықталды

8 Мамыр 2019, 14:50
2145
Бөлісу:
Ақтөбеде үздік медбике анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні. Ақтөбе медициналық орталығында атаулы мерекеге орай үздік медбике анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Орталық басшылары әр бөлімнен шыққан 23 медбикенің ең мықтыларының жұмысын атап өтті. Көпсалалы стационар бөлімінен І орынды Салтанат Төлеген, балалар стационарынан Жания Қадырова үздік танылды. Кеңес беру-диагностика бөлімінен Елена Слабоденюктың жұмысы басшылардың көңілінен шықты.

Мерекелік кеште медициналық орталықтың бас дәрігері Рустем Исаев жеңімпаздарды құттықтап, ақшалай сыйақы табыстады. Сонымен қатар, шара кезінде 30 жылдан аса өтілі бар қызметкерлер құрметке бөленді.

Өзгелердің жаңалығы