Өзбекстандағы жер сілкінісін сарыағаштықтар да сезінді

14 Наурыз 2019, 09:37
4239
Бөлісу:
Өзбекстандағы жер сілкінісін сарыағаштықтар да сезінді

Астана, BAQ.KZ. Бейсенбі күні Қзбекстан аумағында 5,1 магнитудалы жер сілкінісі орын алып, нәтижесінде, екі балдық жер дүмпуін Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғындары сезінген. Бұл жөнінде ҚР Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы хабарлады. 


«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» МК-ның сейсмикалық станциялары желісімен 14 наурызда Алматы уақытымен сағат 03:31-де жер сілкінісі тіркелді», - деп жазылған хабарламада. 

Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісіңі жпицентрі Өзбекстан аумағында, Алматыдан батысқа қарай 694 км қашықтықта орналасқан. 

Жер сілкінісінің магнитудасы 5,1, ошақтың орналасу тереңдігі 15 км құрайды. 

«Сезілу туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): Сарыағаш ауданы шамамен 2 балл», - деді сейсмологтар.
Өзгелердің жаңалығы