Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда тозығы жеткен көліктер утилизацияға жіберілуі мүмкін.
Бүгінде депутаттар тиісті құжаттың алғашқы тұжырымдамасын қызу талқылап жатыр. Егер заң мақұлданса, ескірген көліктердің бағасы мен қабылдау тәртібі қайта пысықталады. Көрші елдің парламенті бұл істе Қазақстанның тәжірибесін негізге алып отырған көрінеді. Мақсатымыз – елдегі экологиялық ахуалды жақсарту, - дейді депутаттар."Қазіргі таңда тиісті органдардың мамандары қолданыстағы көліктердің санын анықтап жатыр. Нарықта ешқандай өзгеріс болмас үшін жан-жақты зерттеу жүргізілуде. Демек автомобиль жасап шығарушы компанияларға да осындай талап қойылады. Сырттан әкелінетін көліктердің заңды қолданыс жүйесі анықталатын болады", - деді заң шығару палатасының депутаты Расул Кушербаев.